ІІ Абдулхамит ханның еңбектері
٭ Үндістан, Ява, Ауғанстан, Қытай, Малайзия, Индонезия, Ачех, Зангибар, Орталық Азия және Жапонияға елші және дін адамдарын жіберді.
٭ Дүниеде алғаш тіс дәрігерлік оқу орнын ашты.
٭ Парижде Ислам медресесін құрды.
٭ Қытайға қарсы ұйғыр-дұнғандарға жіберген әскерлерімен орталық азия мұсылмандарын көтерді.
٭ Құдыс-Яффа, Анкара-Стамбул-Хижаз темір жолдарын салғызды.
٭ Ілгері технологиялық баспа апараттарын алғызды, тегін кітаптар бастырып таратты, 6000 кітаптың аударылуын қамтамасыз етті.
٭ Баязид кітапханасын құрып 10 000-ы қолжазбалы кітаптар болған 30 000 кітап берді.
٭ Алғаш рет Стамбулға электр тогы және газ әкелтірді.
٭ Дүниедегі алғаш торпеда ататын суасты кемесін өз ақшасымен жасатты.
٭ Үнемі отандық маталардан киім киетін. Хареке мата өндіру фабрикасын және Фесхана фабрикасын құрған.
٭ Бітіруші оқушыларға сыйлық кітаптар жіберді.
Кедей халыққа өз қалтасынан төлеп көмір таратты.
٭ Яловада ыстық су сауықтыру кешенін жасатты.
٭ Теркос суын Стамбулға әкелді.
٭ Алғаш заманауи дәріхана аштырды.
٭ Ислам әлеміне алғаш автокөлікті алдырды және 5 мың км асфальт жол салдырды.
٭ Алғаш метроны жасатты, атты және электрлі трамвайлар жүргізді.
٭ Археологиялық музей ашты.
٭ Алғаш құтыру ауруын емдейтін (Стамбул дарул кәлб) емханасын ашты.
٭ Әйелдерге әскерлер үшін киім тіктірді, жаралы әскерлер үшін тікелей өз қолымен балдақтар жасатты.
٭ Мидилли аралын жұбайы Фатима ханымның ақшасымен Француздардан кері сатып алды.
٭ “Йылдыз Чини”, “Бейкоз” және “Кагытхане” фабрикаларын құрды.
٭ Балаларды жалпылық сүннетке отырғызып әрбір балаға жарты алтын жіберді.
٭ Табысының бір бөлігін әр жылы қарызданып қамауға алынған адамдардың құтылуына жұмсайтын.
٭ Жыл сайын 30 000 құты сатып алып гүл ектіретін.
٭ Измир портына рұқсатсыз кірмек болған АҚШ-тық соғыс кемесіне оқ жаудырды.
٭ Өзі жасаған қол-өнер бұйымдарын ғазилерге сыйға берді.
٭ Өзіне қастандық ұйымдастырған армян кісіні кешіріп, Еуропаға тыңшылық қызмет атқару үшін жіберді.
٭ Кейіннен Чанаққала соғысында қолданылған зеңбіректерді жасатты.
٭ Тек Анадолудың өзінде 14 000 мешіт және мектеп аштырды.
٭ Телефонды Еуропамен бір тұста қолдана бастады.