Untitled Document

Бабыр әулетінің махаббат дастандары

Бабыр имапериясындағы шахтардың бұл жерде айтылуы керек болмаған ғашықтық хикаялары да бар. Бабыр Шах өте үлкен қатерлерге қарамастан үйленген жұбайы Масума Бегумның бала туып жатып өлгеніне қатты қайғырады. Баласы Хумаюн Шахтың да сондай терең махаббатпен жақсы көрген жұбайы Хамида Бегум, күйеуі үшін Делиде үлкен кесене салдырған. Баласы Акбар Шахтың жарына деген махаббаты да берік болғанмен орынды болмады. Акбар Шах одақтасы болған Ражпут раджасының қызына үйленеді. Кейінірек бұл үнді қызының әсерінің астында қалғаны соншалық, дінінен бастартып, басқа бір дін құрады. 40 жыл бойы азап шеккен мұсылмандар өлімінен кейін рахат дем ала бастады. Бірақ үміт артқан баласы Салим Жихангир оларды өкінішке ұшыратты. Ираннан шыққан уәзірінің Шии қызы Нұржихан Бегумға үйленеді. Бұл әйел ерекше сұлулығымен, ақылы және кербездігімен Жихангирдің басын айналдырады. Сүннилікті насихаттағаны үшін атақты ислам ғұламасы Имам Раббаниге қарсы күйеуін араңдатады. Ынжық мінезді Жихангир әйеліне ұйып әр қаладағы шәкірттері арқылы бедел құрды деген сылтаумен оны үш жыл қамауда ұстады.

Жихангирдің баласы Хуррем Шах Жиханның тілдерде дастанға айналған ғашықтық хикаясы болса бәрінен де танымал. Шах Жихан Имам Раббаниді жақсы көретін шәкірттерінен болады. Ұстанымын қолдамаған әкесін тақтан түсіре алу үшін ұстазынан жәрдем сұрайды. Имам Раббани «Қарсы шықпа, аз уақыттан кейін әкең өледі, тақ саған қалады» дейді және солай болады. Оның заманында барлығы еркін демалады. Кемеңгер болған Шах қалалар салдырды, елі үшін үлкен жұмыстар атқарды. Солардың бірі, бүгін дүниеде ең көп танылған және ең көп зиярат етілетін жерлерден болған – Таж Махал. Имам Раббанидің ұлы Шейх Масумның шәкірті және үлкен фиқһ ғалымы, табанды мінезді болған Алемгир Шах пен оның мұрагерлерінің мұндай беталысы белгілі емес.