Untitled Document

Айдағы сыр (1)

1969 жылдың 21 шілде күні адам баласы алғаш рет айға қонды. Ғарышкер Нил Армстронгтың айға алғаш қадам басқанындағы айтқан тарихи сөзі мынау болды: «Бұл мен үшін кішкентай ғана қадам, бірақ адамзат үшін алып қадам болып табылады». Нил Армстронг дініне нық берілген христиан болатын. Алайда айға сапары өмірін бір жола өзгерткен еді. Айға барған үш ғарышкер өзгеше бір құбылыстың куәгері болды. Араларында өткен әңгімелері лентаға жазылып жатты:

Олдрин: Ашық кітап сияқты бірнәрсе бар мына жерде, тура Тыныштық теңізінің үстінде.

Армстронг: Екі доға сияқты, яғни кітапқа ұқсайды.

Коллинс: Секстанттың бір шоғырын ауыстырғанда бір кітап пішінінде екені айқынырақ көрінеді.

Жер контролі: Не айтып жатсыңдар, айда кітап бар дейсіңдер ме?

Ертесі күні кітап жоқ болып шықты, бірақ бір бейтарап дыбыс радионы қолданып, босатпай қойды. Бұл өрт сөндіруші машиналарының сиренасына ұқсайтын еді.

Коллинс: Естіп тұрсыңдар ма? Мына дыбысты өшіріңдер! Құлағым жарылады.

Жер контролі: Бұл дыбыс бізден емес, сырттан шығып жатыр.

Армстронг: Енді бір әуен басталды. Жер контролі! Мына дыбысты өшіріңдерші!

Жер контролі: Бізден ақау жоқ. Әуен сендерден келіп жатыр.

Олдрин: Түсінісе алмайтын сияқтымыз. Бұл әуен бізден келіп жатқан жоқ.

Айда адам баласы алғаш рет жүрген еді. Әлгі әуен қайта басталды. «Әшһәду ән лә илаһә иллаллаһ...»

Жер контролі: Ұшатын табақтар ма? Жаңағы әуеннің сөздері қандай еді?

Коллинс: «Әшән махатма рессамбалла» ма, бірнәрсе. Бұл үнді тілінде.

Армстронг: Толық тыңдадым. Африка радиоларының бірі тәрізді.

Олдрин: Жиілікті ауыстырдым, тағы да сол әуен. Бұл дыбыс айдан келуде. Адам сенгісіз нәрсе.

 (Жалғасы ертең)