Айдағы сыр (2)
Жер контролі: Сендер ақылдарыңнан адастыңдар ма? Ауасыз жерде дыбыс жайыла ма?
Коллинс: Енді не, тағы сол ұшатын объектілер (табақтар) ме?
Жер контролі: Белгісіз бір ауру, ғарыштың әсері ма, не ол? Бұл дыбыстар, кітап, әуен барлығы елес болуы керек.
Армстронг: Елесті камера түсіре ме? Елес дыбыс таспа лентасына жазыла ма?
Жер контролі: Жарайды, ал ауасыз жерде дыбыс қалай жайылады?...
Сосын Армстронг және Аполлон-11 ғарышкемесінің ғарышкерлері аман-есен жерге оралды. Ленталар қайта тыңдалды. Осы кезде NASA-да қызмет атқаратын шығу тегі Мысырлық Фаруқ Әл Баздан осы әуен жайлы сұралды. Айда естілген сөздің «Арапша қасиетті сөз» екеніне сарапшылық шешім қабылданды. Кейін дәл сол сөзді Аполлон-16 ғарыш кемесінің ғарышкері Уорден де естіді. Негізі ешкім қанағаттанбаған еді. Бәлкім БҰО (Белгісіз Ұшатын Объектілер), бәлкім басқа бір нәрсе, бірақ айда бір хабарлама бар еді. Армстронг еш қанағаттанбады.
Кейін ғарышкерлер жерді аралап, саяхаттап жүрді. Барған жерлерінде бұл ғарышкерлерді аса құрметпен қарсы алып жатты. Бір ретінде Армстронгтың жолы Мысырдың астанасы Каирге түсті. Армстронг өзіне көңіл бөлінгеніне қуанышты еді. Осы жерде мынадай оқиға орын алды:
Армстронг іркіліп қалып: «Мынау, қандай әуен?» деді. Мысырлықтар күліп жіберуге сәл-ақ қалып: «Бұл әуен емес, бұл - азан... Шіркеудің қоңырауы сияқты, мешіттің де азаны бар. Мұсылмандарды намазға шақыратын адамның дауысы.»
Армстронг: «Мен мұны бұрын естігенмін. Мұны жерде емес, айда естідім.» Армстронгтың жүзі бозарып кетті: «Аллаһым, сені жерде емес, айдан таптым.» деді.