Ораза тұту
Ораза тұту
Кейбір адамдар оразаның денсаулыққа зиян екенін айтады. Алайда, Аллаһу та’ала адамдарға зиян нәрсені жасауды бұйырмаған. Аз тамақтану және ораза тұту деннің саулығы үшін өте маңызды. Зекет берген адам малын қорғағаны сияқты ораза тұтқан адам да денесінің зекетін берген болып саналады.
Ораза тұтқан адамның денесі күтімге алынған аппарат сияқты. Ішкі құрылысты жауып қалған майлар ериді, дененің ширақтығы артады, иммунитет күшейеді. Асқазан, бүйрек, жүрек пен бауыр ауруларына қарсы тұру қабілеттілігі артады. Бауыр асқорыту қызметін де атқарады. Ораза тұтқан кезде бірнеше сағат демалады, азық жинау ісін тоқтатады. Асқазан да біраз уақыт демалады. Қан көлемі азайғандықтан қан қысымы төмендеп, жүрек тынығады. Ораза тұту тамырдың қатаюына да өте пайдалы. Мұндай аурумен ауыратындар рамазаннан басқа кезде де ораза тұтуы тиіс.
Көп жеген адам көп ұйықтайды, көп ұйықтаған адамның уақыты босқа кеткен болады. Сондай-ақ, қатал мінезді болады. Әрқашан тоқ жүретін адам мейірімсіз болады. Аз жеген адамның денсаулығы мықты және шығыны аз болады. Оразаның сабыр, шүкір, нәпсіні тәрбиелеу сияқты басқа ғибадаттармен де байланысы бар. Хадис шәрифте былай делінген:
Ораза сабырдың, ал сабыр иманның жартысы».
Зәйтүн майының пайдалары
- Бүкіл майлардың арасында ең оңай қорытылады.
- Теріні сергітеді, қорғайды және жұмсартады.
- Массажда, ваннада және бет маскаларында қолданылады.
- Лимон немесе кофемен ішілетін болса, іш қатуын кетіреді.
- Тамақтанудан бұрын ішілетін болса, асқазанды жарадан қорғайды.
- Жүректі қуаттандырады, ұстамалы жүрек ауруы қаупін азайтады.
- Зәр жолдары және өт іркілетін қалта жайсыздықтарында пайдалы.
- Ауызды шайғанда тістердің ағаруына пайдасын тигізеді.
- Ішек-қарынды жұмыс істетіп, асқорытуды оңайлатады.
- Сүйек әлсіздігінің және тіс шіруінің алдын алады.
- Зиянды, улы нәрселердің денеден шығуын қамтамасыз етеді.
- Зиянды холестеринді азайтып, пайдалы холестеринді қорғайды.
- Шикі күйінде тұтынуға болатын жалғыз май.
- Экзема, жара, сыздауық, бөртпе, есекжем, безеу және осы сияқты тері аурулары үшін әр күні зәйтүн майын жағу өте пайдалы.