Қалай ораза тұтамыз?
Құрметті оқырман!
Ораза айының жақындауына байланысты күнтізбемізден қалай пайдалану керектігі жөнінде екі ауыз тоқталып кетейік. Ораза тұтуды бастау сағаты ретінде күнтізбемізде «Имсак» (тыйылу) сөзімен берілген бағанадағы сағаттарға қарау керек. Яғни «Имсак» сағаты сол күннің ауыз бекіту уақытын көрсетеді. Сәреге тұрғанда сәре тамағын имсак сағатына дейін ішу мүмкін. Таң намазы уақыты күнтізбеміздегі имсак сағатынан шамамен 20 минут өткен соң басталады. Ауызашар немесе ифтар уақыттары «Ақшам» бағанасындағы сағаттар мен көрсетілген. Демек ауыз бекіту және ашу сағаттарында күнтізбедегі «Имсак» және «Ақшам» уақыттарына қаралады.
Дүниежүзілік Қыбла күні
Қыбла бағытын табуда жіберілген қателіктерді кетіру үшін 28 мамыр және 16 шілде күндері «Дүниежүзілік Қыбла Күні» деп белгіленген. Мысалға: Алматы қаласында Қазақстан сағаты мен 28 мамырда сағат 15:18 де және 16 шілде күні сағат 15:26 да, жылда екі рет күн дәл Қағбаның төбесіне тура келеді. Күн Қағбаның төбесіне келгенде жер бетінде күнді көріп тұрған аймақтарда Күнге қарай бұрылғандар дәл Кағба бағытына қараған болады. Осылайша бір қаланың құбыла бағыты оңай жолмен және дұрыс табылған болады. Күнтізбемізде әр күні әр бір қала үшін Қыбла сағаттары уақыты беріліп отыр.