Untitled Document

Христиан терроры ма?

Былтыр (2011 ж) 22 шілде күні Норвегияда Осло қаласымен Утей аралында екі ланкестік акті орын алды. Ослодағы жарылыстан жеті адам мерт болып, 15-і жараланған. Утей аралындағы жұмысшылар партиясының қарамағындағы жастар лагеріндегі 700 шақты адамға қарата оқ жаудырылып 69 адам қаза болған.

Өкінішке орай,  батыста және христиан әлемінде бір лаңкестік әрекет орын алса, артынша дереу мұсылмандар ізделуде. Норвегияда орын алған лаңкестік әрекет, батыстың сенімді ақпараттар көзі тарапынан, елдің «11-қыркүйегі» ретінде мұсылмандарға жатыстырылған. Ал шынайы лаңкестің Норвегия азаматы екені анықталған кезде, мұсылмандардан «кешірім» де сұралған жоқ. 

Норвегиядағы 76 адамның өліміне алып келген қорқынышты лаңкестік әрекетті жасаған лаңкесші христиан Андрес Брейвиктің сотта берген баяндауында, Осло қаласында болған жарылысқа және Утейе аралындағы жасалған қарулы шабуылға тікелей қатысы бар екенін мойындады. Сонымен қатар Исламға және мұсылмандарға қарсы топ құрғанын да баян етті. Бұл топтың Норвегияда екі және Норвегияның сыртында бірнеше ұйымы бар екенін де айтты.

Лаңкесші Норвегияның азаматы болса да, газеттер әдейі, өтірік жалаға сүйеніп «Норвегияның 11-қыркүйегі» және «Әл-қаиданың қырғыны» сияқты тақырыптарымен Ислам мен мұсылмандарға деген дұшпандықтарын жасырмады. Олардың пайымдауында құқықтағы «Қылмысы дәлелденбеген адам – қылмыскер емес» деген қағида мұсылмандар үшін өтпейтін көрінеді. Батыстың көзімен бұл қағида былай болады: «Қылмыскер еместігі дәлелденбегенше әр мұсылман қылмыскер (лаңкесші)...»

Соңғы жылдарда еуропа мемлекеттерінің және әсіресе солтүстік еуропа мемлекеттерінде Исламға және мұсылмандарға күйе жағу әрекеттері, жаратылыстардың ең үстемі, әлемге рахмет болып жіберілген сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламға тіл тигізу, карикатуралық суреттер салып мазақ қылу арқылы мұсылмандарға қарсы фашисттік әрекеттері орын алуда. Онсыз да батыстың Ислам мен мұсылмандарға болған дұшпандығы ғасырлар бұрынға негізделеді. Тек Босния-герцеговинаның өзінде ең кем дегенде 150 мың мұсылманның қаны төгілген. Христиан батыстықтар бұл жаппай қыруды Сербтерге ысыра салды.