Untitled Document

Зекет беру

Зекет беру Құран Кәрімнің 32 жерінде намазбен бірге бұйырылады.
Жауапты адам, яғни ақылы толық, азат мұсылман адам шарттары сай келсе зекет берулері керек. Зекет кедейлердің байлардағы ақысы болып табылады. Зекет бермегендер бұл ақыны өтемегендіктен, яғни ғибадат жасамағандықтан күнәһар болады.
Зекетке қатысты негізгі мәліметтер:

Зекет мөлшері: 20 мисқал, яғни 96 гр алтын немесе осы бағада ақша немесе сауда заты.
Зекет мөлшерінде мал-мүлкі бар адам бай деп саналады.

Зекеті берілетін заттардың немесе ақшаның жыл ішіндегі азайып-көбеюі маңызды емес. Байлық денгейіндегі мөлшерге ие болғаннан кейін бір жылдан соң қолда қалған зат мөлшерге жетсе, қырықтан бірі зекет ретінде кедейлерге беріледі. Мөлшерден аз болса берілмейді.
Зекет табыстан емес, жалпы сауда затынан немесе ақшадан беріледі.

Құжатты және құжатсыз алынатын алашақтар мөлшер есебіне кіргізіледі. Қарыздарды алғаннан кейін зекеті беріледі, алмай-ақ беруге де болады.

Қарыздар қолдағы ақша немесе заттан шығарылады. Қалғанының зекеті беріледі.
Зекет мешіт, қайырымдылық ұйымдары, үйірме сияқты жерлерге берілмейді. Зекет кедей мұсылмандарға беріледі.

Зекет сауда затынан беріледі. Оның орнына басқа зат беруге болмайды. Мысалы, кілемші азық бере алмайды.

Зекетті сауда затынан беруге болады және бағасын есептеп алтынмен беруге де болады.
Саудаға салынбайтын үйлер, жер, құралдар, үй жиһаздары зекет затына кірмейді.

Зекет кімдерге беріледі?

Бай мүсылман өз анасына, әкесіне, аталарына, әжелеріне, балаларына, немерелеріне, әйеліне және кәпірге зекет бере алмайды. Кедей болу шартымен адам келініне, күйеу баласына, қайын атасына, енесіне, өгей баласына зекет беруіне болады. Кедей бауырына, көке, әпке, аға, нағашы әпкелеріне зекет беру сауап болады.