Untitled Document

Ораза тұтқан кісіге мәкрух болған нәрселер

Аузы берік адамға мәкрух болған нәрселер:

1- Тісті тіс пастасымен тазалау.
2- Дәрімен тамақты (ауызды) шаю мәкрух болады. Егер ауыздағы жара, намазда тұрғанда оқуға кедергі болса, дәрімен ауыз шаю мәкрух болмайды. Өйткені, үзірі бар болып есептеледі.
3- Жүніп болу қауіпі бар бола тұра әйелін сүю.
4- Рамазан күні укол салдыру, өз қалауымен ауыз толтыра құсу сияқты бір себеппен ораза бұзылса, сапардағы жолаушы өз қаласына келсе, әйелдің хайзы тоқтаса, кешке дейін аузы берік адамға ұқсап жеп-ішуден тыйылулары керек. Жеп-ішулері мәкрух болады.

Аузы берік адамға мәкрух болмаған жайттар:

1- Түнде жүніп болып сәресіге тұрғанында имсак уақытына аз уақыт қалса, әуелі аузын шайып тамақ жесе, имсак уақыты шыққаннан кейін ғұсыл алса, яғни оразаға жүніп болып бастаса сахих болады. Кейінірек ғұсыл алуы жаиз болады.
2- Оразам бұзылып қалса кәффарат болмасын деген оймен, оразаға имсак уақыты өткеннен кейін ниет ету жаиз болады.
3- Рамазанда құптаннан кейін әйелімен қосылса, кеш ұйықтап кейінірек ғұсыл аламыз десе, оянғандарында күн шығып кеткен болса, оразаларына зияны болмайды, бірақ, намаз оқу үшін алғашқы мүмкіндікте жуыну керек.
4- Оразаны толық ұстау үшін хайзды дәрімен кешіктіру жаиз.
5- Ораза кезінде хайзы басталған әйел аузы берік адам ұқсап жүрмесе де болады, ішіп-жей алады.