Untitled Document

Сыйлық беру

Сыйлық беру; сыйлық алған кездегідей адамды бақытқа, қуанышқа бөлейтін ерекше керемет бір амал. Сыйлық алғанда да бергенде де мән берілетін жағдайлар бар:

  • Сыйлық берерде қарсыңдағы адамға оның талғамын ойлай жүріп таңдағаныңды білдіру керек.
  • Сыйлықты күлімдеп шын-жүректен беру керек.
  • Бағасы жазылған етикетін алып тастау керек.
  • Өзіңде бар болған нәрсе алып келсе де «менде мұндай бар еді» деп қарсыңдағыны қиын жағдайға түсірмеу керек.
  • Басқа біреу арқылы жіберетін сыйлыққа бір қағазға өз атыңды білдіріп бір екі жылы сөз жазып жіберу керек.
  • Жалпыға бірдей қағида: Ешқашан қарсыңдағының бюджетінен асатын өте қымбат сыйлықтарды таңдамау керек.
  • Сыйлық тікелей өзіңе берілген болса да, пакетті міндетті түрде әкелген адамның көзінше ашып рахмет айту керек. 
  • Сыйлық біреу арқылы жіберілген болса телефон шалып рахмет айту керек.

Көгерген көшет

Жаңадан үйленген екі жас алғашқы айларында-ақ тұрмыстарының өздері ойлағандай болмай шыққандығын түсіне бастады.

Негізі бір-бірін жақсы көретін. Екеуі де ажырасуды қаламайтын бірақ бұдан әрі де бұлай жалғасуын тоқтататын шешім іздеді.

Ері “маған бір ой келді” деді. “Бақшаға бір ағаш отырғызайық. Егер бұл ағаш үш ай ішінде қурап кетсе ажырасайық. Қурамай өніп кетсе бұдан былай бұл тақырыпты қозғамайтындай болайық. Ал бұл мерзім ішінде екеуміз екі бөлек бөлмеде тұрайық.”

Бұл пікір келіншегіне де ұнайды. Ертеңіне бір жеміс көшетін алып бірге бақшаға отырғызады. Арадан бір ай өтеді. Бір түні бақшада кездесіп қалады. Екеуінің де қолында су толы бидон бар еді...