Untitled Document

Хазреті Әбу Бәкір

Хазреті Әбу Бәкір алғаш иман келтірген ер адам, мұсылмандардың алғашқы халифасы. Жәннатпен сүйіншіленген он адамның біріншісі. Пайғамбарлардан кейін адамзат ішінде ең ұлысы болып табылады. Барлық соғысқа қатысты. Аяттармен мадақталды. Ол Құран Кәрімді алғаш рет кітап ретінде топтастырды. Хижраның 13 жылы, қазіргі жыл санауы бойынша 634 жылы жамазил-ахир айының 28-нде сейсенбі күні түнде 63 жасында қайтыс болды. Расулуллаһтың қасына жерленді. Аққұба өңді, көздері шүңіректеу, жылы жүзді, бетінде сақалы сирек болатын.

Хадис шәрифтерде былай делінді: «Әбу Бәкірдің иманы бүкіл адамзаттың иманының жиынтығынан да күшті». «Әбу Бәкір Сыддық - адамзаттың ең жоғарысы және ең жақсысы. Бірақ, ол пайғамбар емес». «Әр пайғамбардың жақын досы болады. Менің адал досым Әбу Бәкір». «Үмбетімнен лә илаһә иллаллаһ сөзін айтуды талап еткенім сияқты Әбу Бәкір мен Омарды жақсы көрулерін де талап етемін».

Күнтізбедегі Ораза кестесі

Рамазан айының қазаларын немесе Шәууал айының оразасы сияқты қасиетті күндерде ораза тұту үшін күнтізбеміздегі «Имсак» деген уақытта ауыз бекітіліп, «Шам» деген уақытта ауыз ашылады. Яғни ораза тұтуды бастау сағаты ретінде күнтізбемізде «Имсак» (тыйылу) сөзімен берілген бағанадағы сағаттарға қарау керек. Сәреге тұрғанда сәре тамағын имсак сағатына дейін ішіп-жеп болу керек. Таң намазы уақыты күнтізбеміздегі имсак сағатынан шамамен 20 минут өткен соң басталады. Ауызашар уақыттары «Ақшам» бағанасындағы сағаттар мен көрсетілген. Демек ауыз бекіту және ашу сағаттарында күнтізбедегі «Имсак» және «Ақшам» уақыттарына қаралады.