Untitled Document

Ислам және ғылым

Ислам діні – ғылымның нағыз өзі. Құран кәрімнің көптеген жерлерінде білім алуды бұйыруда, ғалымдарды мадақтауда. Мәселен: “Зүмәр” сүресінің 9-шы аятында былай делінген: «Білгендер мен білмегендер тең бола ма? Білгендер әлбетте қадірлі болады.»

асулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” білімді мақтаған және адамдарды өнер-білімге шақырған. Мұны тіпті дұшпандар да біледі. Мәселен: “Ихийа-ул улум” және “Мәудуат-ул улум” кітаптарында ғылымның құндылығын айтыла келіп: «Ғылымды Қытайда болса да үйреніңдер!» делінген хадис шәрифі өткен. Яғни ғылым дүниенің ең алыс жерінде және кәпірлердің қолында болса да, барып үйреніңдер! “Бұл кәпірдің ойлап тапқаны, мұны үйренбеймін!” демеңдер. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Бесіктен мазарға дейін білім алыңдар, ізденіңдер!»

«Ертең өлетіндей етіп ахирет жұмыстарын және ешқашан өлметіндей етіп дүние жұмыстарын істеңдер!»

«Біліп жасалған аз ғибадат – білмей жасалған көп ғибадаттан артық.»

«Шайтанның бір ғалымнан қорқуы – надан болған мың абидтен (құлшылық етушілерден) қорқуынан да көп!»

Ислам дінінде күйеуінің рұқсатынсыз әйел адам нәпіл қажылыққа бара алмайды. Қонаққа, сапарға да шыға алмайды. Бірақ күйеуі ілім үйретпесе және рұқсат бермесе, оның рұқсатынсыз ілім үйренуге бара алады. Көріп отырғанымыздай, үлкен ғибадат болып саналатын қажылыққа күйеуінің рұқсатынсыз бару күнә бола тұра, ілім үйренуге рұқсатсыз шығу күнә болмайды.

Жаратылыстану (дүниелік) ғылымдарда, өнермен технологияда ілгерілеу, заманауи соғыс құралдарында да ілгерілеу парыз кифая болып табылады. Дініміз дұшпандардан да көп еңбек етуді бұйыруда.

Исламға қарсы болғандар, дінімізге медицина жағынан да мін таға алмауда. Пайғамбарымыз алейһиссалам медицина ғылымын да мақтаған. Хадис шәрифте: «Ғылым екіге бөлінеді. Олар дене ғылымы және дін ғылымы» делінген. Ислам дене ғылымын дін ғылымынан бұрын үйренуді бұйырады. Өйткені барлық жақсылықтар деннің саулығы ақасында атқарылады. (Садәти Әбәдийа)