Untitled Document

Мұхаммед Әли (Клэй)

Мұсылман боксшысы Мұхаммед Әлидің негізгі аты Кассиус Марселлус Клэй болған. 1942 ж АҚШ-та Кентукиде дүниеге келген. “Көршілері велосипедін ұрламасын” деп Ирландиялы полиция қызметкерінен бокс сабағын алған. 16 жасында Лойсвилле Алтын Қолғап Турнирінде жеңіл салмақта медаль алып өзін көрсете бастады. Кейін Рим олимпиадаларында алтын медаль ұтып алды. Италиядан қайтқанында соғысқа барудан бас тартып, медалін Огайо өзеніне лақтырып аңызға айналғалы тұрған жолында алғашқы қадамын басты.

26 ақпан 1964 ж Сони Листонды жеңіп, ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағын алды. Кейін Исламға өткенін айтып, бүкіл әлемді таң қалдырды. Листонмен екінші рет кездесуінде атағын алғызып қойғанында, Вьетнам соғысына шақырылды, бірақ ол барудан бас тартты. 1967 ж Америка қарулы күштерінің шақыруын “Ислам дінінің өкілі” ретінде бас тартқаны үшін 5 жыл ауыр жазаға тартылып бас бостандығынан айрылды. Сот шешімі нақтыланғанға дейін рингке шығуға тыйым салынды. 1970 ж шағым тоқтатылып бостандыққа шықты. Қолынан алынған атағын қайтару үшін қайтадан рингке шықты. 15 раундтық бокс жарысында Джо Фрейзерді жеңді. Заирде болған чемпионатта әлем чемпионы атағын қайтарып алды. 1981 жылы чемпиондық атағын қорғауда 10 раундқа созылған соңғы жарысында да жеңіске жетіп, рингпенен қоштасты. Өкінішке орай Мұхаммед Әли паркинсон ауруына шалдықты.

11 қыркүйек 2001 ж болған егіз мұнараға жасалған қастандықта қираған ғимарат жанында журналисттер оған “Мына мұнараларды қиратқандармен бір дінде болудан ұяласыз ба?” деп сұрағанында ол мына тарихи жауапты берген екен: “Сіз Гитлермен бір дінде болғаныңызға ұяласыз ба?”