Untitled Document

Нанның қасиеті (1)

Сауапкер жақсылықтың бәрі істеген,
Хабардар болған дұрыс әр істерден.
Бар еді діңлі таза бір әулие
Құраннан балаларға дәріс берген.
Көп айтар шәкірттерге өсиетін,
Нанның көп сипаттайтын қасиетін.
Алланың сүйген ол бір құлы еді,
Көргенде періштелер бас иетін.
Бір күні батын көзбен байқар еді,
Періште суық хабар айта келді.
Өзіңнің алдыңдағы осы шәкірт,
Үш күнде дүниеден қайтар деді.
Өлімге жас баланы қимап еді.
Барып қайт анаңа, уақыт тығыз,
Жол алыс, жылдамырақ жинал деді.
Шәкірт кетті үйіне ойы таза,
Өлімнен ешбір оның хабары жоқ.
Өзегі ұстазының өртенер ед
Үш күнде болады деп ауыр қаза.
Бір апта өтіп кетті арасында,
Тағдырдың бұл ісіне нанасың ба
Сабаққа ұстаз ерте келген еді,
Бала отыр шәкірттердің арасында.
Ойланды мың толғанып, молдекең көп,
Балаға бақыт қайдан қонды екен деп.
Айтқанын Әзірейіл екі етпеуші ед,
Ойпырмай бұл қандай сыр болды екен деп.
-Айт, шәкірт, ғибрат болсын кейінгіге,
Жақсылық беріліпті пейіліңе.
Жасырмай шыныңды айт не іс қылдың,
Алланың ілгерідей пейіліне?

(Жалғасы ертең)