Нанның қасиеті (2)
-Жолымда үйге қарай қадам басқан,
Бір үзім нанды көрдім адам басқан.
Еске алып өсиетіңді көтеріп ем,
Еш нәрсе істемедім одан басқа.
Ұмытпа ұлық Алла бар екенін,
Мейірбан жақсыларға жар екенін.
Ұстазы білді өмірге себеп болған,
Бір үзім жолда жатқан НАН екенін.
ХАЛАЙЫҚ ОЙЛАМАҢДАР ЖЫР ДЕП ТЕГІН,
БҰЛ СӨЗДЕН ҒИБРАТ АЛ, ҚҰР КЕТПЕГІН.
НАН ӨМІРДІҢ ӨЗЕГІ ТҮСІНГЕНГЕ,
СОНДЫҚТАН ҚАСИЕТТЕП ҚҰРМЕТТЕГІН.
Шайхан Хамзаұлы
Дастархан дұғасы
Тамақтың алдында «Бисмилләһиррахманиррахим» деу және аяғында «әлхамдулиллаһ» деп шүкір ету сүннет амал болып есептеледі.
Хадис шәрифте келгені бойынша: «Тамақтан кейін “әлхамдулиллаһилләзи ат’амәна хазат-та’амә уә разақнә мин ғайри хаулин минна уә лә қууатә” дұғасыноқыған мұсылманның күнәсы кешіріледі.»
Тамақтан кейін «Әлхамдулиллаһилләзи әшбәанә уә әруана мин ғәйри хаулин минна уә лә қууаһ. Аллаһуммә ат’имһум кәма ат’амунә» дұғасын оқу да өте сауапты.
Осы дұғалардың бәрін қамтитын мына дұғаны да оқу жақсы болады:
Әлхамдулилләһилләзи әшбәанә уә әруана мин ғәйри хаулин миннә уә лә қууаһ. Аллаһуммә ат’имһум кәма ат’амуна. Аллаһуммәрзуқна қалбән тәқийан, минәшширки бәрийан лә кәфиран уә шәқийан уәлхамдулилләһи раббилаләмин»