Ет пісіру және сақтау
Ет пісіру оңай боп көрінсе де, еттің дәмділігі мен қоректілік құндылығы қалай пісірілгеніне байланысты болғаны үшін қиын жұмыс. Етті ақырындап пісіру керек және тұзды піскеннен кейін қосу керек. Ас дайындағанда ет сорпасы қолданылатын болса, бұл сорпа бір күнге ғана жарауы тиіс. Ет сорпасын қайта-қайта қайнату, дәмінің бұзылуына себеп болады.
Ет пісіретін кезде алдымен орташа жалынмен пісіріп, өз суы шыға бастаған кезден кейін аз жалынмен пісіру керек. Еттің жұмсақ болуы үшін, еттің тұздықталуына кеңес беріледі. Ет туралған пиязбен, зәйтүн майымен, тұзбен, қара бұрышпен, айран қоспасымен тұздықталады.
Пісіруден бұрын ет салқын суда 20 минут ұсталса, еттің қаны шығып түсі ашылады. Қатты жалында пісіретін болса, кешірек піседі, сонымен қатар дәмсіз болады. Мал сойылғаннан кейін бірден, яғни жылы кезінде пісірмеу керек. Суығанын күту керек. Етті тоңазытқышта 0-5 градус арасында 4-5 күн сақтауға болады. Мұздатылатын ет бір әзірлегенге жететіндей мөлшерде бөлініп, пакеттерге салынып сақталады. Піскен тағамдар мен еттер ыстық күйінде мұздатқышқа қойылмайды.
Күн Таразы шоқжұлдызында
Бүгін 22 қыркүйек. Күн Таразы шоқжұлдызына кіріп, күз маусымы басталды. Күз маусымы 90 күнге созылып, 21 желтоқсанда аяқталады. Күн бұл шоқжұлдызда 31 күн болады және 23 қазанда Сарышаян шоқжұлдызына кіреді.