Untitled Document

Бақыт – Исламның ішінде

Адамдар діннен алыстаған сайын бір-бірімен ара-қатынасы суып, жоқшылыққа ұшырап, жәбірлену және қайғы-қасіреттен құтыла алмауда. Дүниелік ғылымдарда, технологияда таңқаларлықтай ілгерілеу жүзеге асып жатса да, жер бетіндегі бақытсыздықтың, қайғы-мұңның азаймағаны, тіпті көбейіп жатқандығы да айқын көрінуде.

Аллаһу та’ала адамдардың бақытына себеп болатын нәрселерді әмір еткен. Пәлекеттерге себеп болатын нәрселерге тыйым салған. Иманды-имансыз кез-келген адам, біліп немесе білмей осы әмір мен тыйымдарға сәйкес әрекет еткен сайын, дүниеде тыныштық және бақытқа толы бір өмір сүреді. Бұл – өзіне пайдалы дәріні біліп-білмей ішкен адамдардың аурудан жазылып кетуіне ұқсайды. Дінсіз адамдардың және дінсіз елдердің дамып, көптеген істерінде жетістікке жетіп жатқандарын көрудеміз. Олар өздері білмесе де Құран кәрімнің талаптарына сай еңбек етіп жатқандары үшін жетістікке жетуде. Бірақ, ахиретте де бақытқа қауыша алу үшін Құран кәрімге иман келтіріп, ниет етіп, дінге сәйкес өмір сүру керек.
Рахаттық пен бақыт Ислам дінінің ішінде. Ислам дінінің сыртынан бақыт іздеу, шөл даладан су іздегенмен бірдей. Бір күні барлық адамдар мұның ақиқатын түсінеді, бірақ тым кеш болады.. 

Превез - Теңіз Жеңісі

Бүгін, Осман теңіз-соғысы тарихындағы ең ұлы жеңістердің бірі болған және 27 қыркүйек 1538 жылы қол жеткізілген Превез Теңіз жеңісінің мерейтойы. Ол кезде Осман теңіз флотын басқарған Барбарос Хайреддин Паша, Жер орта теңізіндегі Осман иелігін алғысы келген Андреа Дориа басқарған кресшілер теңіз флотын бірнеше сағаттың ішінде тас-талқан етті.

Кресшілер теңіз флотында 6000 кеме, 3000 зеңбірек және 60 000 әскер бар еді. Османдықтардың флотында болса 122 кеме, 166 зеңбірек және 20 000 әскер болатын. Осы жеңістің арқасында Жерорта теңізі Османдықтардың теңізіне айналды.