Қажылықтың шарттары
Қажылықтың шарттары екі бөлімнен тұрады:
Вужуб (уәжіп болу) шарттары:
1) Мұсылман болу.
2) Кәпір мемлекетте тұратын адамның қажылықтың парыз екендігін естуі.
3) Ақылды болу.
4) Балиғат жасқа толған болу.
5) Еркін болу.
6) Нафақадан артық, қажылыққа барып келуіне және үйіндегілерге жететіндей ақшасы болу.
7) Қажылық уақытының келген болуы. (Қажылық уақыты арапа және айт күндері, яғни бес күн)
8) Қажылыққа бара алмайтындай соқыр, ауру, қартайған және мүгедек болмау.
Әда (орындау) шарттары:
1) Қамауда немесе қажылыққа баруға тыйым салынған болмау.
2) Қажылық үшін жүретін жолында және қажылық жерінде амандық және сенімділік ішінде болу.
3) Әйел, күйеуінің немесе мәңгі махрем туысынан фасық немесе мүртәд болмаған, балиғат жасына толған немесе балиғатқа жетпесе де ақыл-есі кірген бір еркекпен бірге баруы керек. Оның да жол кіресін бере алатындай әйелдің бай болуы керек. Хадис шәрифте: «Әйел жанында бір махремі болмастан қажылыққа бара алмайды» делінген. (Бәззар)
(Шафии мазһабында әйелдер махремсіз де парыз болған қажылыққа бара алады. Әйелдің махрем туысының қажылық жолында қайтыс болуы Шафии мазһабын тақлид етуі үшін үзір (себеп) болады.) Әйел еркексіз қажылыққа бара алмайды. Барған жағдайда қажылығы сахих болғанымен үлкен күнәға кірген болады.
4) Әйелдің иддәт халінде болмауы. (Иддәт: Күйеуінен ажыраған әйелдің үш рет хаиз болып тазаланғанға дейінгі өтетін уақыт)
(Вужуб шарттары және әда шарттары бойында табылған адамның (яғни осы шарттарға сай адамның) сол жылы қажылыққа баруы парыз болады. Ол жылы қажылық жолында өлсе, қажылық парызы мойнынан түседі. Орнына уәкіл жіберілуі үшін өсиет етуі керек болмайды. Ол жылы бармаса күнә болады. Кейінгі жылдарда қажылық жолында немесе үйінде ауырып, қамауға алынып, мүгедек болса, орнына басқа адамды уәкіл етіп жіберуі және ол үшін өсиет етуі керек болады. Уәкіл жібергеннен кейін жақсы болса (жазылса), өзінің де баруы керек болады. Кейінгі жылдары барса, тәрк ету күнәсі кешіріледі.)