Untitled Document

Иномарка!

Жүргізушілік куәлігін жақында ғана алған бір адам судай жаңа микроавтобус сатып алады. Алғашқы жұмысқа шыққан күні жолаушыларды толтырып жолға шығады. Автобусты қатты айдаған шопырға соңғы қатарда отырған бір қарт кісі былай дейді:

– Сәл ақырын айда, балам! Жол апатына ұшырап жүрмейік!
– Ата, сіз мына маркалы автобусты білесіз ба?
– Жоқ, білмейді екенмін балам.
– Олай болса, жөніңізге қарап отырыңыз! Жұмысыма араласпаңыз!
Бір бұрылыстан өте қатты жылдамдықпен бұрылғанда, әзер дегенде жол апатынан аман қалады. Осы кезде орта жастағы әйелдің дауысы шығады:  
– Әй шопыр бала, өтініш, жай айда! Үйде бала-шағамыз күтіп отыр.
– Апа, сіз осы маркалы автобусты білесіз бе?
– Жоқ, қайдан білейін?
– Олай боса, үндемей отырыңыз! Маған кедергі жасамаңыз!
Автобус өте қатты жылдамдықпен ызғытып бара жатқандықтан барлығының жүрегі аузына кеп тіреледі. Сол кезде жүргізушінің артында отырған бір адам шыдай алмай айқайлап жібереді:
– Әй шопыр, сен өзің өлгің кеп жүр ма?
– Аға, сіз осы маркалы автобусты білесіз ба?
– Иә, білсем, не бопты?
– Тез айтыңызшы, мұның тежегіші қайда?!..

Бірдей көлем

Бірдей көлемдегі екі қыш құмыраның біреуі суға 3 см, екіншісі 5 см батады. Бірінші құмыраны екінші құмыраның үстіне қойсақ, астындағы құмыра суға қанша см-ге батады? Екінші құмыраны бірінші құмыраның үстіне қойсақ, бірінші құмыра қанша см-ге батады? (Жауабы ертең)