Untitled Document

Дұрыс ақида (сенім)

Хадис шәрифте айтылған: «Үмметім 73 топқа (секта) бөлінеді, 72-сі жаһаннамға түседі, тек қана бір топ құтылады. Бұл топ, менің және асхабымның жолында жүргендер.»
Олай болса, жаһаннамнан құтылу үшін әр мұсылманның ең алдымен дұрыс ақиданы үйреніп сенуі, одан кейін де дініміздің әмірі мен тыйымдарына бағынуы керек. Дұрыс ақиданың кейбіреулері:

  • Құран кәрімнің Аллаһу та’аланың сөзі екендігіне, (махлұқ) жаратылыс еместігіне сену.
  • Сахабалардың барлығын жақсы көру және ешқайсысына тіл тигізбеу.
  • Жәннатта Аллаһу та’аланы көретініне сену.
  • Әһли Қыбланы кәпір демеу. “Яғни намаз оқитын” мұсылманға, істеген күнәлары үшін кәпір демеу.
  • Ғибадаттың иманның бір бөлігі болмағанына сену.
  • Иманның азайып көбеймейтіндігіне сену.
  • Өз иманынан шүбһә етпеу (күмәнданбау).
  • Жақсылық және жамандықтың Аллаһтың тағдырымен болатынына сену.
  • Мираждың рух және денемен бірге болғанына сену.
  • Тасаууфты жоққа шығармау.
  • Нәбилердің (пайғамбарлардың) муғжизасына, әулиелердің кереметіне сену.
  • Бүгін үшін 4 хақ мазһабтан бірін ұстану, мазһабсыз болмау.
  • Хазреті Әбу Бәкір және хазреті Омардың халифа болғанына және үлкендік дәрежелері халифалық реті бойынша екендігіне сену.
  • Қабір зияратының, пайғамбардан және әулиеден көмек сұраудың, жаиз екендігіне сену.
  • Оқылған Құран кәрімнің және берілген садақаның сауабын өлгендерге бағыштаудың жаиз екендігіне, бұл сауаптар және дұғалар өлгендерге тиіп, азаптарының жеңілдеуіне себеп болатынына сену.
  • Мәсінің үстінен мәсһ тарту дінімізде бар болғанын қабылдау.
  • Қабір сұрағына, қабір азабының рух пен денеге бірдей болатынына сену.
  • Қиямет күні берілетін есепке, мизан таразына және шапағатқа сену.
  • Сырат көпіріне сену.
Бұлардың кейбіреулеріне сенбеген, дұрыс жолдан шығумен қалмай, кәпір болады.