Ачехте түрік туы
2004 жылы болған үлкен цунамидің себебімен цунами болған аймаққа барған BBC репортеры Джордж Алагая алғашқы көргендерінен алған әсерін былай баяндады:
«Ачех провинциясына барғанымда өзімді Түркияда жүргендей сезіндім. Жоқ, айналаның барлығы кәуап дүкендері болғандықтан емес... Маған открытка сатуға тырысқан балаларды көргенімнен емес... Жо-жоқ, аяқкиім бояушылардың айқайынан немесе автокөлік сигналдарынан да емес... Бәлкім сенбейтін шығарсыздар, бірақ, барлық адамның түрік туы бар бас киім кигендерінен осындай сезімге келдім. Жолда көрген бір жігіттен неге барлық адам түрік туы бар бас киім киетіндіктерін сұрағанымда алған жауабым өте қызық болды. Есімі Режеп болған ол жігіт “Өз туымыздың суреті бар бас киім киетін болсақ, алты ай қамауда жатамыз. Түрік туына ешкім ешнәрсе айтпайды.
Түрік туы да біздің туға ұқсайды... Онсыз да түріктер біздің бабаларымыз болып есептеледі және біз туымызды 500 жыл бұрын солардан алыппыз. Сондықтан, бір футбол ойыны бола қалса, түрік Ұлттық Құрама командасының формасын киіп, үйімізге түрік туын іліп қоямыз.” деп жауап берді.
Таң қалдым. “Құдай-ау, бұл түріктер қай жерде жоқ?” дедім.»
Индонезияның ішіндегі Суматра аралдарының оңтүстік аймағындағы Ачех патшалығы кезінде Османдықтардың билігін қабыл еткен еді. Османдықтардан қаншама жыл әскери және материалдық көмек алған бұл патшалық, соңында түрік туын өздеріне тәуелсіздік символы ретінде таңдаған.
Қазіргі таңда Индонезиядан бөлініп, тәуелсіз мемлекет құруға әрекет етіп жүрген және өз тілдерінде аты “Nanggröe Aceh Darussalam” болған Ачех, 2004 жылы желтоқсан айында цунами салдарынан қатты зардап шекті. Түрік елінің назарын осы пәлекетпен бірге түрік туы да аудартқан еді.
«Түркия қайда, Индонезия қайда?», «Түріктер бұл жерге қайдан келсін?», «Түрік туы Суматрада қалай желбіресін?» сұрақтарының жауабын, еуропалық тарихшылар ұзақ уақыт бұрын беріп қойған. Оңтүстік шығыс Азия тарихшысы Антони Рейдтің білдіргеніндей, Осман империясының интервенциясы екі бөлек уақытта болған. Бұл уақыт ішінде Еуропалық колонисттерге қарсы өздерін қорғай алулары үшін қару және оқ-дәрі көмегі берілген еді.