Untitled Document

Шынымен де бұл маңызды ма?

Жұмыс орнындағы, көшедегі, үйдегі ұрыс-керістерді алып қарасақ көбінің негізгі себебі түкке тұрғысыз, болмашы нәрселер екенін көреміз. «Неге жүзімнің дәні бар, неге жаңғақтың қабығы бар...» деп әр болмашы нәрсеге тұтылып, барлық нәрседен кемшілік іздеп, сын айтып, ешнәрсені ұнатпау ара-қатынастың бұзылуына жол ашады. Көп адам, жоғары қабілеттілігі, ой-өрісімен түсінігі кең болуына қарамастан маңызсыз, мәнсіз нәрселерге кідіріп өздерінің сәттілікке апаратын жолдарын өздері бөгейді. Маңызсыз нәрселерді аттап негізгі мақсатына өте алмайды. Әсіресе бұл жағдай бүгінгі басшыларда көп кездеседі. Бір жақта миллионның есебімен әуре болып жатқанда, басқа жағынан миллиардтар өтіп кеткенінен хабары да болмайды.

Ұсақ-түйекпен айналысып негізгі мәселені назардан тыс қалдыру тек басшыларда ғана емес, өміріміздің барлық кезеңінен көруге болады. Отбасы ішіндегі жанжалдардан, жұмыс орнынан, көшеден т.б. ... Жұмыс орнындағы, көшедегі, үйдегі ұрыс-керістердің көбінің себебі жаңғақ қабығын толтырмайтын жағдайлар. Бір жеке отырып бұрын болған жанжалдардың шығу себебін ойлап көрдік пе?.. Тынық мимен ойланып қарайтын болсақ ұлғаймаған жанжалдардың бәрі дерлік болмашы нәрселерден туындағанын байқаймыз... Мәселен үйде тағамның тұзды немесе тұзсыз болуы, орынсыз ақша шығындалуы немесе үйге жақсы көрмейтін енеңді немесе қайынбикеңді шақыруы шынымен қатты маңызды ма? Келеңсіз жағдайға кіретініңді сезген кезде өздеріңнен сұраңдар: «шынымен де бұл маңызды ма?» Бұрынғыдан да жақсы отбасы жағдайын қалыптастыруда бұл сұрақтың үлкен ролі бар. Бұл сұрақ жұмыста, көшеде қысқасы өмірдің барлық кезеңдеріне жарамды. Машинамен келе жатып біреудің кенеттен қысып кетуіне де жарамды. Өмірде жанжал туғызатын бүкіл жағдайларда бұл сұрақ кәдеңе жарайтыны сөзсіз. Әрқашан міндетті түрде бұл сұрақты өзімізден сұрап жүрейік: «шынымен де бұл маңызды ма?»

Біреуге сын айту, сөгу, айыптаудан бұрын немесе дереу қорғанысқа шығып, өзіне қарсы тап беруден бұрын өзімізге осы сұрақты қоюымыз керек: «шынымен де бұл маңызды ма?» Көп жағдайда маңызды еместігі анықталады, осылай түсініспеушіліктен, араздасудан тыйылған боламыз...

Бұл үш күндік дүниеде Аллаһу та’ала бізді «шынымен де маңызды» нәрселерді ұғып сол бойынша өмір сүргендерден жазсын!...