Қандай сезім екен?
Бір күні Наполеон дұшпандарының әскерінен қашып келе жатып, бір дүкенге кіреді де, дүкен сатушысына өзін жасыруын әмір етеді. Сатушы оны бірден ыңғайлы жерге кіргізіп, жасырып қояды. Біршама сәттен кейін ізіне түсіп жүгіріп келген дұшпандарына: «Біраз уақыт бұрын біреу былай қарай жүгіріп өтті, ана жаққа қашты!» деп алдап жібереді.
Біраздан кейін артынша Наполеонның сарбаздары жетіп келеді. Дүкен сатушысы бір ажалдан қалған Наполеоннан: «Кешіресіз, мырза, қызық боп тұр, өлімге осыншама жақындау қалай екен, өміріңіз қыл ұшында тұрған сәтте не сезіндіңіз?» деп сұрайды. Наполеон бірден ашуланып: «Сен не мені мазақ еткенің бе, менімен бұлай сөйлесе алатындай сен кім едің?» дейді де әскеріне оны ату жазасына қоюын әмір етеді. Әскері сатушының көзін байлап, дуалға арқасын сүйетіп тұрғызады. Мылтықтар оқталып, тек «Атыңдар» деген бұйрық берілу ғана қалған еді. Сол сәтте иық маңынан бір қол созылып көзіндегі байлауды ашады. Байлауды ашқан Наполеон еді. Сатушыға бір сөйлеммен былай деп жауап береді:
«Өмірдің қыл ұшында тұрғандағы сезім осындай болады!»
Сәлемдеме
NASA алдағы уақытта ғарышқа жіберетін ғарышкерлерін жаттықтыру үшін оларды жерінің қыртысы айдың бетіне қатты ұқсайтын “Туба сити” деген жерге жіберіпті. Аталған жерге келген ғарышкерлер жаттығуларын бастап жібереді. Сол маңдарда “қызыл тәнді” (индеец) қарт кісі немересімен бірге қой бағып жүрген екен. Қойшы ағылшынша білмегені үшін немересі арқылы бұл өзгеше киімді адамдардың кім екенін сұратыпты.
NASA-ның маманы «Ол адамдар айға ұшатын ғарышкерлер, мұнда жаттығу жүргізіп жатыр» дегенде қойшы «Олар арқылы айға бір сәлемдеме айтып жіберсем бола ма?» деп сұратыпты немересінен. Бұл ұсынысты өте керемет ой деп тапқан NASA маманы қарияның сәлемдемесін үнтаспаға басып алады. Жазып біткеннен кейін баладан атасының сәлемдемесін ағылшыншаға аударып беруін сұрайды. Бала былай деп аударыпты:
«Бұлардан абай болыңдар! Бұлар жерлеріңді алуға келді!»