Жомарттық
Өте бай және жомарт болған хазреті Абдуллаһ бин Жафар Таййар бір құрма бауының жанынан өтіп бара жатады. Бір қара нәсілді құл, бақшада жұмыс істеп жатқанда, оған үш мезгілдік тамағы әкелінеді. Сол сәтте бір ит құлдың қасына барады. Тамағының бір бөлігін оған бергенінде, ит бірден жеп қояды. Екіншісін де, кейінірек үшінші бөлігін де береді. Мұны байқап тұрған хазреті Абдуллаһ бұл құлдың қасына жақындап, сұрады:
- Әй досым, не үшін өзің аш бола тұра, үш мезгіл тамағыңның бәрін итке бердің?
- Мырзам, бұл ит алыс жерден келген. Өте аш және несібесін іздеп жүр.
- Жарайды, ал өзің не жейсің?
- Аш жүріп, сабыр сақтаймын.
Хазреті Абдуллаһ бұл көрген, естігендерінен әсерленіп: «Халық мені жомарт деп біледі. Ал мына қара нәсілді құлдың жомарттығы менікінен де артық екен.» - дейді. Құрма бауын және осы құлды қожайынынан сатып алады. Құлды азат етеді (еркіндік береді). Құрма бауын да ішіндегілерімен бірге оған сыйға тартады.
Сол кезде хазреті Абдуллаһқа:
- Сен қазір одан да жомарт болдың – делінеді. Сонда хазреті Абдуллаһ:
- Өкінішке орай олай емес. Өйткені, ол қолындағы мүлкінің бәрін берді. Ал мен, иелігімнің аз ғана бөлігін бердім - дейді.
Бірінші Дүниежүзілік Соғысы
Бірінші дүние жүзілік соғыс (28 шілде 1914 – 11 қараша 1918) адамзат тарихындағы ең кең ауқымды соғыстардың бірі.
Соғыс нәтижесінде төрт империя – Осман империясы, Ресей империясы, Австрия-Венгрия империясы және Германия империясы құлдырады. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа Еуропа құрлығынан бастап, дүниенің бес құрлығынан көптеген мемлекеттер қатысқан және материалдық зардаптармен қоса 12 миллионға жуық адам өліп, 55 миллионға жуығы жараланған.