Сұлтан кешірім сұрады
Хазреті Имам Раббаниге түрлі жалалар жабылып Үнді Сұлтанына шағым түседі. Сұлтан бұларға сеніп, баласы Шах Жиханды жіберіп, Имам Раббани хазреттерін, бала-шағасын және шәкірттерін шақыртып, барлығын өлтіруге бұйрық береді. Осыған орай Шах Жихан шақыруға кетеді. «Әкеме сәжде етсең сені құтқара аламын» деген кезде имам Раббани хазреттері: «Ажал келген болса, өлімнен еш нәрсе құтқара алмайды.» деп сәжде етуден бас тартады.
Сөйтіп хазреті Имам Раббани балалары мен шәкірттерін қалдырып, Сұлтанға жалғыз өзі барады. Өзіне жабылған жалаларға қарсы Сұлтанға әдемі және қанағаттандырарлық сөздермен жауап бергені соншалық, Сұлтан үлкен ақиқаттарды түсінетіндерден болмаса да, көңілі жайланды және кешірім сұрап, еркіндікке жібереді. Сұлтанның шындыққа көзі жеткенін байқаған жалақор адасқандар: «Бұның адамдары көп, сөздері бүкіл мемлекетте өтеді. Бос жіберсек бір көтеріліс ұйымдастыруы мүмкін» деп Сұлтанды азғырады. Сұлтан хазреті Имам Раббанидың Гуаляр абақтысына қамалуын әмір етеді.
Бұл оқиғаға қатты ренжіген шәкірттері Сұлтанға қарсы көтеріліп, оны тақтан құлатуды ойластырады. Бұны істей алатындай күштері де бар еді. Бірақ, Имам Раббани хазреттері олардың түстеріне кіріп те, ояу кезде де көрініп бұл істен бас тартқызады. Сұлтанға игі, қайырлы дұға етулерін әмір етіп, «Сұлтанды ренжіту мемлекеттегі бүкіл халыққа зиянын тигізеді» деп ескертеді. Өйткені, Әһли Сүннеттің белгілерінің бірі өкіметке қарсы шықпау еді.
Сұлтанның уәзірі қара ниетті адам болғандықтан зынданда хазреті Имам Раббаниге қарауыл етіп өз бауырын тағайындап, онымен қатал мәміледе болуын бұйырады. Ал бұл қарауыл Раббани хазреттерінің әр түрлі кереметтерін, қайғырудың орнына айбаттылық, сабырлылық танытқанын, тіпті қуанғанын көріп тәубе етеді. Бұзылған сенімдерін тәрк етіп, Әһли Сүннетті таңдайды және Раббани хазреттерінің ықыласты шәкірттерінің біріне айналады. Абақтыда қамалған мыңдаған кәпір оның сұхбаттары және файз-берекесімен мұсылман болып мәртебеленеді. Көптеген күнәһарлар тәубе етеді. Тіпті кейбіреулері үлкен ғалым болады.
Хазреті Имам Раббани қамауда 3 жылын өткізгеннен кейін, Сұлтан өзінің істегеніне өкінеді. Қамаудан шығарып сый-сияпат көрсетеді. Тіпті ықыласты шәкірттерінен және сенімді достарының қатарына қосылады.