Untitled Document

Ахыска (месхет) түріктері (2)

Көп қорлық көрдік, қиын уақыттарды бастан өткердік. Жуынатын су болмағандықтан, үстімізді бит басып кетті. Әжетхана да жоқ. Вагонның бір бұрышын жамылғымен жауып қойып, әжетхана ретінде қолдандық. Күннің суығында сол вагонмен бір ай жол жүрдік. Бөріткен, сүзек ауруына шалдықтық. Біраз адам өлді. Ұрпағы таусылған жанұялар болды, ошақтары сөнді. Ауырып қалғандарды әкететін. Үлкен әпкем ауруға шалдықты. Тексеруге келгендерінде оны көрмесін деп төсенішке орап, тігіп қоятын едім. Сосын ауру адам жоқ  дейтінмін. Өлгендерді арттағы бос вагонға жинады. Бір жерлер немістердің зеңбіректерінің нәтижесінде ойық-ойық, шұңқыр болып қалған екен. Сол жерге келгенде тоқтап, әлгі өлілерді сол шұңқырларға тастай салды. Бір адамға күніне 200 грам нан беретін. Жолай Алматы қаласынан өттік. Естерхан деген бір жер бар еді. Бізді сол жерге түсірді. Өлілерімізді құдыққа тастады. Сосын Өзбекістанға апарды. Аллаһ жәрдем етті, күш берді, сабыр берді, шыдап төздік. Өлгендер өлді, қалғандар қалды...»

Балалардың еркелігі

Балаларда кездесетін менмендік, еркелік, ашушаңдық және білгіштік сияқты жаман әдеттер баланың дұрыс тәрбиеленбеуінен, қалаған нәрселерінің орындалуынан және отбасының балаға дұрыс көңіл бөлмеуінен туындайды. Мұндай балалар өздерін барлығынан да жоғары санайды, барлық нәрсені өте жақсы білетінін ойлайды. Мұндай балалар мектепте және достары арасында мінезі шатақ және сүйкімсіз болады. Өте білгіштік танытып менменсінуі достарының арасында жалғыз қалып кетуіне себеп болады.

Баланы осындай жаман мінездерден арылдыру үшін, ең бірінші жақсы дос табу керек. Одан басқа әкесінің байлығымен, атақ-даңқымен, ерекше қасиеттерімен мақтанудың қажет еместігін, негізгі жақсы көрілетін және ұнамды болған нәрсенің жақсы мінез және жақсы тәрбие екендігін айтып түсіндіру керек.