Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер...
Белгілі батыр, әрі шешен Шақшақ Жәнібек Төле биге сәлем бере келіп:
– Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым. Бозбала болып ерлік қылайын ба, үлгі алып билік құрайынба? Еліңде кәрің болса, жазулы хатың деуші еді, ақыл сұрай келдім,- депті. Сонда Төле би:
– «Өгізді өрге салма, қанатың талар, наданға көзіңді салма, сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер, дұшпанға сырыңды айтпа түбіңе жетер. Жалқұйрығы қаба деп жабыдан айғыр салма, жаугершілік болғанда, жағдайлап мінер ат тумас. Жақыным деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма, өрісің тарылар. Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең-таяқ, қарның ашса – тамақ. Ит жүгіртіп, құс салсаң, әуейі боларсың. Әйел алсаң, көркіне қызықпа, тектіні ал. Мақтаншақ жігіт жисаң – ұятқа қалдырар. Ұрыншақ ат жаз жарға жығар, қыс қарға жығар. Тұмау түбі құрт болар, тұман түбі жұт болар. Елге бай құт емес, би құт. Қабырғадан қар жауса, атан менен нарға күш, ел шетіне жау келсе, батырлармен биге күш. Қарап отырғанша бір нәрсеге жарап отыр, кәсіп болмай нәсіп болмас. Менен ақыл сұрасаң, айтарым осы»- деген екен.
Бағдаттың алынуы.
Осман мемлекетінің тарихында Бағдат екі рет жаулап алынды. Қануни Сұлтан Сүлеймен хан 1533 жылы өзінің алтыншы жорығын Иран мемлекетіне жасады. Бұл жорықта Иран мемлекетінің біраз өңірлері Осман мемлекетінің қолына өтті.1534 ж 13 шілдесінде Тәбриз қаласы, 1534 ж 28 қарашасында Бағдат қаласы алынды. Осылайша 500 жыл Аббасилердің бас қаласы болған және Хазреті Имам Ағзам Әбу Ханифаның қабірі жатқан жер Осман мемлекетіне өтті.
Сұлтан IV- Мұрат ханның дәуірінде Бағдат қаласы Сафауи (қызылбас) мемлекетінің қол астында еді. Сұлтанның өзі бастаған жорықтың ақырында, 40 күндік қамаудың нәтижесінде Бағдат қаласы қызылбас шиит зұлымынан құтқарылады. (24 желтоқсан 1638 ж) Сұлтан IV- Мұрат хан, Сафауилер тарапынан құлатылған хазреті Имамы Ағзам Әбу Ханифаның қабірін зиярат етіп, қайта жөндеуден өткізеді.