Untitled Document

Мисуак қолдану

Дәрет алып жатқанда мисуак қолдану сүннетi муәккәд болып табылады. Хадис шәрифте айтылғандай: «Мисуак қолданып оқылған намаз, мисуаксыз оқылған намаздан  жетпіс есе артық.»

“Сиражул уаһһаж” кiтабында мисуак қолданудың он бес пайдасы бiлдiрілген. Олар:

1) Өлер кезінде шахадат кәлимасын айтыуыңа себеп болады. 
2) Тiс еттерiн бекемдейдi.
3) Қақырықты кетіреді.  
4) Өт жұмысын реттейді.
5) Ауыз ауруын кетiредi.
6) Ауыздың жағымсыз иiстерiн кетiредi.  
7) Аллаһу тағала одан разы болады.  
8) Бас тамырларын қуаттандырады.  
9) Шайтан ренжиді.  
10) Көздері нұрланады.  
11) Иiгiлiктері мен жақсылықтары артады.
12) Сүннетпен амал еткен болады.
13) Ауызы пәк болады.  
14) Фасих-ул-лисан, яғни ашық, көркем және мәнді сөйлейтін болады.
15) Мисуак қолданып оқылған екi рәкат намаз мисуаксыз оқылған жетпiс рәкат намаздың сауабынан да артық болады.

Мисуак, Арабстанда өсетін Эрак ағашының бұтағы. Оның (түзулеу) ұшынан екi сантиметрдей қабығын ашып, ашылған жерiн бiрнеше сағаттай суға батырып қойса, сосын езетін болса, щетка сияқты ашылады. Эрак ағашы табылмаса, зайтун бұтағынан да жасалады.