Сену және жақсы көру
Электр тоғы – кабель арқылы, су – құбырлар арқылы қалай өткізілетін болса, файз бен нұр да жүректен жүрекке солай өтеді. Бұларды тасымалдау құралы – махаббат. Бұл нұрлар барлық жерге жайылуда. Бұл нұрларды пайдалана алудың екі шарты бар – сену және жақсы көру.
Сонымен қатар жақсы көрген адамыңның жақсы көргендерін де жақсы көру, жақсы көрмегендерін жақсы көрмеу керек. Дін ұлыларының, ғұламалардың, әулиелердің өмірбаянын оқу жүректен дүниеге деген махаббатты шығарады да, орнына Аллаһқа деген махаббат пен әулиесінің махаббатын толтырады, адамның ықыласын арттырады. Адам, жеке өзі Ислам дінінің бүкіл әмірлерін орындаса, құтылу ықтималы бар. Бірақ, бір адам, хазреті Имам Раббани сияқты ұлы бір әулиеге бағынышты болса, оны жақсы көрсе, құтылмау ықтималы жоқ. Мұндай ұлы әулиелерді жақсы көрген адамның, имансыз кетпейтіні сияқты, олардың жақсы көргендері де имансыз кетпейді. Жаппай бәле сүйікті пайғамбарымыз болған жерге келмейтіні сияқты, оның мұрагерлері бар болған қауымдарға да келмейді.
Адамның сапардан қайтарында тапқан пайдасы – орындаған ғибадаттары, қайырлы және жақсы амалдары, яғни Аллаһ үшін жасағандары. Қалғаны – қиял. «Өмір» сапарының нәтижесі де осыған ұқсайды, табатын пайдасы – жәннат, зиянынан Аллаһу та’ала сақтасын!
Аллаһу та’аланың заңдары бар. Физика заңдары, табиғат заңдары деп айтылатындар – Оның жаратқаны және заттарының ішіне жасырғандары. Адамдар бұларды зерттейді, тексереді және қолданады. Сонымен қатар Оның Құран кәрімде білдірген әмірлері мен тиымдары да бар. Адамдардың бақытты болулары, тек сол заңдарға бағынумен ғана мүмкін болады.
ұларға зерттеу арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Ислам ғұламалары: «Барлық әсемдіктер мен жақсылықтар Исламның ішінде, сыртында ешбір әсемдік жоқ және болуы да мүмкін емес.» - деген.