Untitled Document

Ғалымдардың қаны у

Табииндерден, Ислам әлемінде сахабалардан кейін жетілген әулие және ғұламалардың ең ұлыларынан болған, Әһли сүннеттің көшбасшысы және Ханафи мазһабының құрушысы Нұғман бин Сабит бин Зута. Әбу Ханифа және Имам Ағзам лақаб аттарымен танымал болған. Куфада туылғаны үшін Куфи деп те білінеді. 699 (Хижри 80) жылында Куфада туылып, 767 (Хижри 150) жылында Бағдатта қайтыс болды. Қабірі Бағдатта.

Тегі Иранның алдыңғы қатарлыларынан болған Имам Ағзам Әбу Ханифаның атасы Зута мұсылман болып, хазреті Әлиді құрмет тұтатын. Оның сұхбатына қатысатын. Әкесі Сәбит те хазреті Әлимен көрісіп сұхбатына қатысқан. Хазреті Әли Сәбитке және оның нәсілінен келетін адамдарға қайырлы дұға етті. Текті, білімді, салих және қадірлі адамның баласы болған Имам Ағзамның балалық шағы туылған жері болған Куфада өтті. Жанұясынан жақсы тәрбие көріп, кішкентай жасынан Құран кәрімді жаттады.

Имам Ағзам шәкірттері арасында отырғанында, бір сәтте денесін бір шаян шағып, жерге құлайды. Шәкірттері шаянды өлтірмекші болғанда Имам Ағзам: «Оны өлтірмеңдер! Өзімді осы шаянмен тәжірибе етейін, «Ғалымдардың қандары у» деген хадис шәрифтегі ғұламалар қатарына жатамын ба көрейік?» дейді. Шәкірттері шаянға қарағанында, тыпыршып жатып, бүрісіп бірден өлгенін көрді.

Көп су ішу керек

Дәрігерлер қартаю мен тері ауруларына қарсы ең жақсы дәрінің су екенін айтады. Соңғы зерттеулерден алынған судың пайдалары:

Мол су қуықты толтырып тұратындықтан зәр жолы инфекциясының алдын алады. Су – жақсы және арзан диета құралы. Ешқандай калория алмастан асқазанды толтыруға болады.
Тері мен беттегі қыртыстарды жазады. Сонымен қатар басқа сусындар сияқты құрамында кофеин, шекер және калория болмайтындықтан ешқандай жанама әсері болмайды. Тек ішетін судың өте таза болуына назар аудару керек.