Untitled Document

Әйелдер қалай оранды және қалай ашылды

Дүниедегі ең көп парик сатылатын мемлекет Израиль екен. Өйткені, яһуди дінінде де әйелдер бастарын жауып жүруге міндетті. Діндар яһуди әйелдері парик тағып осы әмірді кішкене болса да орындауға тырысып жүреді. Бірақ яһудилікте әйелдер бірігіп, топталып жасалатын ғибадаттарда жамағаттан саналмайды.

Осыған ұқсаған әмірлер Інжілде де кездеседі. Апостол Павелдың Коринфдықтарға Бірінші Жолдауында, дұға еткен кезде әйелдердің шаштарын жабуы немесе толығымен қырып тастауы әмір етіледі. Осы себепке байланысты Христиан әйелдерінің бәрі тарих бойынша бастарын, шаштарын жауып жүрген. Әйелдің басын ашып жүруі немесе жиналған жерлерде басы ашық отыруы масқара боп саналатын. Христиан мемлекеттерінде, әсіресе ауылды жерлерде басы ашық әйелді кездестіру мүмкін емес. Соңғы ғасырларда бас орамалдарының орнын алған басты бекем жауып тұратын бас киімдер келе бастады. Османдықтар кезеңінде де грек, армян және яһуди әйелдері, мұсылман әйелдері сияқты оранып жүретін еді. Таурат кітабында да әйелдердің еркек киімін, еркектердің де әйел киімін киюіне тиым салынған.

Қара түсті жамылғы киімі Стамбулға Сұлтан Хамид заманында Шам әкімі Супхи Пашаның әйелдері тарапынан әкелінді. Арзан және ыңғайлы киім болғандықтан бірден модаға айналды. Өкімет, қатерсіздік үрейімен не істесе де бұл жамылғылардың алдын ала алмады. Тек сарайға жамылғы киген әйелдер қабылданбайтын. Қара жібектен жасалған жамылғылар, уақыт өте түрлі-түсті бола бастады. Түзу сызықты, төрт бұрыш сызықты, ала-торлы өрнектелген жамылғылар шыға бастады. Әйелдер осындай киімдерімен жасанып сәндене бастады.

Империя құлағаннан кейін киіну еркіндігі келгенде, әйелдердің бір бөлігі еуропалықтар сияқты киіне бастады.

Дінін сақтап қалғандар біраз уақыт жамылғымен жүрді. Уақыт өте бұлардың бір бөлігі плащ және орамал тағуға көшті.

Ислам діні нақты бір киім түрін киюді әмір етпеген. Тек қана дененің белгілі жерлерінің жабылып тұруын талап еткен.