Untitled Document

Жақсы көру – бағыну деген сөз

Аллаһу та’ала: «Аллаһқа, пайғамбарға және араларыңдағы улул-әмірге мойынсұныңдар» деп бұйырған. Улул-әмір – Ислам ғалымдары. Біздің ең үлкен бағымыз, ең үлкен бақытымыз – басы бос жаратылмағандығымыз. Қандай бақыттымыз, Аллаһу та’ала бізді иесіз жаратпады. Иеміз бар және иншаллаһ сол ұлылармен бірге боламыз. Бір күні бір әулие кісі шәкірттеріне былай дейді: «Аллаһу та’ала осы қызметтеріміз үшін, Әһли сүннет сенімін жайғанымыз үшін, иншаллаһ бізге өте көп ниғметтер береді және жәннатты нәсіп етеді. Аллаһу та’ала бізге осы мүмкіншілікті нәсіп ететін болса, жәннаттың есігінің алдында Аллаһу та’алаға дұға етіп: “Йа Раббым, бұл қызметтерімді мен жалғыз өзім істемедім. Дүниеде менің бауырларым бар еді, шәкірттерім бар еді, бұл қызметтерді солармен бірге істедік. Жәннатқа солармен бірге кіргім келеді.” деп, махшарға қайтып, барлығыңды жинаймын.» Осы кезде бір шәкірті: – Ұстаз махшар алаңы адамға толы болады ғой, достарымыздың бірі жоғалып кетсе не болады?- деп сұрайды. – Адамдардың істері аралас-құралас болады, бірақ Аллаһу та’аланың істері ондай болмайды. Оның әрбір ісі тәртіпке қойылған. Қияметте барлық адамдар өзінің жақсы көргендерімен бірге болады. Еш уайымдамаңдар, достарымыздың ешбірі жоғалмайды. – Ұстаз, сізді қатты жақсы көреміз, бірақ, бұл махаббаттың шегі қандай? Қай жерден басталып, қай жерде бітеді? – Жақсы көру – бағыну деген сөз. Адамның бағынуы қаншалықты көп болса, махаббаты да соншалықты көп. Сөз тыңдауы қаншалықты көп болса, жақсы көруі де соншалықты. аншалықты сөз тыңдамайтын болса, жақсы көруі соншалық аз деген сөз. Тіпті олай кете берсе, бір күні жоқ боп кетеді, Аллаһ бұдан сақтасын! Бағыну – “құп болады” деу әрі бір жолда болу деген сөз. Мысалы бір адам, пайғамбарымызды қатты жақсы көретіндігін және қатты бағынатындығын айтып жүр делік, бірақ өзі пайғамбарымыздың жолында емес. Оның жолында болмаса, пайғамбарымыз ол адамнан қалай разы болады? Сол үшін, айғамбарымызды жақсы көремін деген адамның Оның жолында болуы, Оған ұқсауы, Оның жақсы көргендерін жақсы көруі, Оның жақсы көрмегендерін жақсы көрмеуі шарт болады. Егер хубби филлаһ және буғди филлаһ, яғни Аллаһ үшін жақсы көру және Аллаһ үшін дұшпандық ету деген нәрсе болмайтын болса, бұл іс жарамсыз деген сөз. Өйткені бұл – діннің негізі, тірегі болып табылады. Аллаһу та’ала Иса алейһиссаламға былай деп бұйырған: Егер жердегі және көктегі бүкіл махлұқтардың ғибадаттарын орындайтын болсаң, достарымды жақсы көрмейінше және дұшпандарыма дұшпандық етпегеніңше ешбір ғибадатың қабыл болмайды.»