Сауда саттықтың 4 негізі
Сауда-саттық ілімдерін білмеген адам харамға түседі. Харамға түскендігінен өзінің хабары да болмайды. Жасағандарының дінге сай емес екендігін білмегені үшін де сұрап үйренуді қажет деп білмейді. Сондықтан сауда-саттық ілімдерін өте жақсы білу керек. Сауда-саттықта мына төрт нәрсеге қатты мән беру керек:
1- Сатып жатқан нәрсеңді өз барынан (затынан) асырып мақтамау керек. Өйткені әрі өтірік айтқан боласың, әрі зұлымдық жасаған боласың. Сауда-саттықта дұрыс айтып жатсаң да ант етпеу керек. Сауда-саттықта Аллаһу та’аланың атын айту құрметсіздік болады.
2- Сатып жатқан нәрсеңнің кемшілігін алушыдан жасырмау керек, қандай болса, сондай етіп көрсету керек. Кемшілігін жасыру қиянат болады. Тек қана жақсы жақтарын көрсету зұлымдық және айла болады. Барлық өнер кәсіпте де айла жасамау фарз. Шала істеу және оны жасыру харам болады.
3- Таразға тартқанда алдамау керек, дұрыс өлшеу керек. Аллаһу та’ала Мутаффифун сүресінде былай бұйырған: “Берерде кем өлшеп, алғанда көп өлшейтін адамға қатты азаптар беремін.”
4- Сауда нарқында айла жасамау керек. Нарықты білмейтін адамға жоғары бағамен сату харам болады. Тәжірибесіздігінен, сауда-саттықты білмегені үшін арзанға сатып жатқан адамнан мал алмау керек. Сауда-саттықта өзіне жасалуын қаламаған нәрсені басқаларға да жасамау керек. Адамдар бір нәрсе алғанда алданып қалмау үшін қатты тырысу керек. Сатып жатқан адам да алдамау үшін тырысатын болса, зұлымдық жасаудан құтылған болады.