Иса Юсуф Алптекин
1908 жылы Шығыс Түркістанның (Ұйғырстанның) Қашқар уәлаятына тәуелді Йенгишаһар аймағында туылған. Туған елінде білімін тәмамдағаннан кейін, 1947 жылы Шығыс Түркістан үкіметінің басхатшысы болды. Бұл қызметте бір жылдан астам уақыт істеді. Бұл уақыт ішінде ұлтшыл, антиимпериалист және антикоммунисттік бағытты ұстанды.
1949 жылы Коммунисттік Қытай мемлекеті Шығыс Түркістанды басып алғаннан кейін Үндістанға барып паналады. Одан кейін Түркияға келіп орналасты және Стамбулда «Шығыс Түркістан Имигранттар Қауымдастығын» құрды. Түркияның түрлі жерлерінде конференция өткізді және көптеген халықаралық жиналыстарда мәлімдеме жасады. «Шығыс Түркістанның Даусы» журналын шығарды. Даусын дүниеге естірту үшін қаншама жыл еңбек етті. Күресуге өмірі жетпеді. 1995 жыл 17 желтоқсанда Стамбулда қайтыс болды. 1 650 000 км2 жер көлемімен Шығыс Түркістан тәуелсіздікке қауыша алмады. Бұл жерлер – тарихта Түріктердің бабасы болып есептелетін Көктүріктердің, Қарахандықтардың, яғни Оғыз тайпаларының иелігіндегі жерлер еді...
Жаман мінез жұқпалы
Жақсы мінезді болу үшін жақсы адамдармен, мінезі жақсы адамдармен дос болу керек. Адамның мінезі досының мінезі сияқты болады.
Ұлы әулие Абдулхаким Арваси бұл мәселеге қатысты былай дейді:
“Оба ауруы өте жұқпалы ауру. Соған қарамастан мықты адам обамен ауырған адаммен бір бөлмеде болса, бір төсекте жатса, бір ыдыстан тамақ жесе, осылайша жеті жыл тұрса мықты адамға аурудың жұқпау мүмкіндігі бар. Бірақ, жақсы мінезді адам жаман адам тұратын бөлмеде бір кеш қалса да мықты адамға жамандықтың өтпеу мүмкіндігі жоқ...”.