Untitled Document

Қатыгез ана

Супермаркетте азық-түлік алып жүрген жас жігіт соңынан еріп жүрген қарт әйелді байқап қалады. Оны көрмеген сыңай танытса да, әйел өзіне тесіліп қарауын тоқтатпайды. Соңында кассаның алдына кезекке тұрады. Әлгі әйел жігіттің алдында бір-екі адам ілгері кезекте еді. Жігітке келіп былай дейді: «Кешірім өтінемін, сізге бұлай қадалып қарағаным, сізді ыңғайсыздандырған болар. Ренжімеңіз, бірақ жақында ғана қайтыс болған ұлыма өте қатты ұқсайды екенсіз...

Сонда жігіт: «Қайғыңызға ортақпын! Сізге қандай да бір көмегім қажет болса, айтыңыз?»- дейді.

«Иә, балам! Біраздан кейін заттарымды алып, сыртқа шығып бара жатқанымда өтінемін: “Анашым, жолыңыз болсын!” деп дауыстап айта аласың ба? Осындай қайғылы күндерімде маған бір жұбаныш болар еді!»

«Әлбетте!» дейді жігіт. Қарт әйел шығып бара жатқанда, жігіт қолын бұлғап: «Анашым, жақсы, жолыңыз болсын!» деп дауыстайды. Жігіт қайғылы адамды қуантқаны үшін, өзгені бақытты етудің терең ләззатына шомып, өз-өзіне күлімсіреп, көңіл-күйі көтеріліп қалады. Кассаға төлеу кезегі өзіне келгенде, чекте 127 доллар деп жазылып тұрғанын көреді де кассирден: «Бар-жоғы үш-ақ зат алдым! Мынауыңыз не?...» деп сұрайды. Кассир салмақты дауыспен былай деп жауап береді: «Анаңыз, алған заттарының ақшасын сізді төлейді деген!...»

Күн Тауешкі шоқжұлдызында

Бүгін 21 желтоқсан. Күн Тауешкі шоқжұлдызына кіргендіктен қыс маусымы басталды. Қыс маусымы 90 күнге созылады және наурыздың 20-ына бітеді. Күн бұл шоқжұлдызда 30 күн болады және қаңтар айының 20-күні Суқұйғыш шоқжұлдызына кіреді.