Untitled Document

Мақала... Алғашқы қаламсап

Бұрынғы кездe жазу құралдары қауырсыннан басталмаған еді. Ең басында адамзат жазу үшін 4000 жыл бұрын дымқыл саздан жасалған тақтайшаға ағаш таяқшамен қырып жазған. Одан соң Римде балаyызға жазуды ойлап тапқан. Осы әдіс англосакстардың пергамент ойлап тапқанынша 18-шы ғасырға дейін қолданылған еді. Біздің ғасырымыздың 600-1800 жылдары пергаменттың көбею және арзандауы барлығына қолжетімді жазу құралын ойлап табуға түрткі болды. Осылай адамзат сияға батырылатын кұc қауырсынымен жазуды ойлап тапты. Ағылшынның "pen" сөзі латынша "penna" құс қауырсыны деген сөзден шыққан. Құс қауырсындары 18-ғасырға дейін рекордтық yақыт қолданылды. 19-ғасыр соңында темір қаyырсынды қаламсаптар тез тозғыш, Жиі ауыстыруды қажет ететін құc қауырсындарын түгелдей қолданыстан шығарды. 1884 жылы қауіпсіздендіру агенті Левис Эдсон Ватерман сия арқылы толтырылатын қаламсаптың ойлап шығарушысы ретінде тарихқа енді. Ол жұмыста өте көп жазатын болғандықтан қаламсапты ойлап шығарды. Ватерман өз жұмысын қалдырып "Ideal Pen" компаниясын ашады. Осылай ол сияға толтырылатын қауырсынды қаламсаптарды сатуды бастады. Бұл 1943 жылы Ласло Биро iске кіріспесе мәңгілік жалғасар еді. Өзінің жұмысына байланысты (ол журналист еді) ол типографияда жиі болып, ротиациялық машинадан шыққан сиясы құрғақ газетті көріп ойлана бастады. Неліктен қаламсаптарды да типография сиясы секілді тез кебетін сиямен толтырмасқа? Сонда автоқаламмен жұмыс істеу өте ыңғайлы болар еді. Журналист бұндай сияның қою болу керек екенін түсіндi. Бірақ сия қою болса ол автоқаламның капилляр системаларын бітеп тастайды. Сондықтан ол басқа бірдеңе ойлап тапқысы келді. Дипломы бар химик ағасымен ақылдасады. Осылай Биро қауырсынды бос айналатын шармен алмастырады. 1938 жылы алғашқы қаламсап шығарылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол Аргентинаға көшеді. Осында қаламсап құрылысын жақсартып, шарлы өзек жасап шығаратын машинаны өңдейді. Биромен құрастырылған шағын фабриканың алғашқы бұйымдары Аргентинада 1943 жылы сатылымға шығады.