Сіз білесіз бе? КСРО
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңестердің бірінші съезінде Ресей, Украина, Беларусь және Закавказье республикаларының (кейін Әзірбайжан, Армения және Грузия кірді) өкілдерінің күшімен құрылды. Кейіннен тағы тоғыз республика КСРО-ның құрамына енді. Елдің ыдырауы 1990 жылы нашар экономикалық жағдай мен ұлтшылдық кең тараған уақытта басталды. 1990 жылы 11 наурызға қараған түні Литва бірінші болып тәуелсіздігін жариялады. Тамыз төңкерісіне дейін Эстония, Латвия, Армения және Грузия да солай істеді. 1991 жылғы тамыз оқиғасынан кейін қалған одақтас мемлекеттер тәуелсіздіктерін жариялады. 1991 жылы 8 желтоқсанда Беларусь, Ресей және Украина Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрды (қазір оның құрамында 11 мемлекет бар). Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін дариялады. 1991 жылы 26 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесінің жоғарғы палатасы КСРО-ның өмір сүруін тоқтату туралы қаулы қабылдады.
Өмір сүрген жылдар: 1922-1991 ж. Максималды аумақ: 22.4 млн км². Құлдырау кезіндегі адам саны: 293 млн.
Осман империясы
Осман империясын 1299 жылы Анадолыдағы (қазіргі Түркия) түркі тайпалары құрып, 1683 жылға дейін кеңейді. 1908 жылдан бастап империя өз территорияларын бақылауды тез жоғалта бастады: Австрия-Венгрия Босния мен Герцеговинаны аннексиялады, Италия Осман империясының Триполитания және Киренаика (қазіргі Ливия) аймақтарын басып алды, ал Балқан соғысы кезінде Османлы империясы Сербия, Черногория, Греция және Болгариядан айырылды. 1922 жылы одақтастардың шешімімен Осман империясының территориясы Антанта мүшелері арасында бөлінді: Франция Сирия мен Ливанды, Ұлыбритания – Месопотамия (Ирак) және Палестинаны бақылауына алды. Осман империясы территориясының бір бөлігі болашақ Сауд Арабиясы мен Йемен мемлекеттерінің құрамына кірді. Түрік Республикасы Осман империясының заңды мұрагері болды
Өмір сүрген жылдар: 1299-1922 ж. Максималды аумақ: 5.2 млн км². Құлдырау кезіндегі адам саны: 24 млн.