Мәлімет... Өзіңді дамыту
Өзіңді дамытудың бір қадамы – өзіңе талап қою. Талап қою өмірдің кез келген саласына қатысты: спорт, тамақтану, кәсіби мансап, үй жұмысы, қаржы сұрақтары. Бұл тәжірибенің мәні – үйреншікті істердің арасынан қалауыңыз бен дарыныңызды еске алу.
Талап қою:
- Қажет емес әрекеттерді қойып, басым істерге назар аударуға үйретеді;
- Миды ынталандырады;
- "Жайлы аймақтан" шағарады;
- Тәртіпке үйретеді;
- Келесі ерлік жасауға энергия сыйлайды.
Бір ай бойы күнде жасауға болатын идеялар тізімі:
1. Теледидар қоспау,
2. Жұмысқа велосипедпен бару,
3. Кофе немесе энергетикалық сусын ішпеу,
4. 30 шетелдік сөз үйрену,
5. Барлық шығынды жазып жүру,
6. Ұйқыдан (демалыс күндері де) әдеттегіден 30 минут ерте тұру,
7. Айналадағы адамдарға қошемет сөздер айту,
8. Жұмысқа тамақты үйден пісіріп әкелу,
9. 1 сағат жаяу жүру,
10. Ешкімді (өзіңізді де) кінәраттамау,
11. Бір керек емес заттан лақтыру,
12. Ұйқыдан тұрған бойда 1 стақан су ішу,
13. Жаңа тағам пісіру,
14. 5 қызықты идея ойлап тауып, жазып жүру.