Сұхбат... Истиғфар етіңдер
Күнәлардан және дерт-қиыншылықтардан құтылу үшін әрқашан және әркез, намаздан кейін, жатар кезде мағынасын ойлап көп-көптен «Әстағфируллаһ мин кулли ма кәрихаллаһ» деп айту керек...
Аллаһу та’ала мен құл арасындағы күнәлардың кешірілуі үшін жасырын түрде тәубе ету керек. Мұны басқаларға естірту, хабар беру қажет емес. Жүніп кезде мешітке кіру, мешітте дүниелік сөздер айту, мешітте ішіп-жеу, ұйықтау, Құран кәрімді дәретсіз ұстау, харам нәрсе тыңдау, харам жеп-ішу, әурет жерін ашу бұлардың барлығы құл ақысына жатпайтын күнәлар.
Бүкіл осы күнәлар үшін тәубе ету және ақы иелерімен халадасу, яғни разылығын алу қажет. Хадис шәрифтерде: «Тәубе еткен адам күнә істемегендей болады» және «Күнәсына өкінбей, тілімен ғана истиғфар еткен адам күнәсын жалғастырушы адам. Ол Раббысын мазақ етуде» делінген.
Истиғфар ету «Әстағфируллаһ» деп айту деген сөз. Мағынасы: «Мені кешір Аллаһым» деген сөз. «Фәуаиди Османия» кітабында: «Шипа үшін оқылатын дұғаны жазып беруімді сұраған екенсіңдер. Шипа үшін, тәубе етіңдер және истиғфар дұғасын көп оқыңдар. Яғни, «Әстағфируллаһ әл-азыим әлләзи лә илаһә илла һу әл хаййул қаййума уә әтубу илайһ» деңдер! Өлімнен басқа барлық дерттерге, ауруларға қарсы пайдалы. Өлім халіндегі адамның ауруын, шаншуын тоқтатып, жеңіл жан тапсыруын қамтамасыз етеді» делінген.
Худ сүресінің 52 аятында: «Истиғфар оқыңдар, көмектеріңе келемін» делінген. Хадис шәрифте де: «Үздіксіз истиғфар айтып жүрген адамды Аллаһу та’ала дерттерден құтқарады» делінген.
Қорыта айтқанда күнәлардан, дерт-сырқаттан, қиыншылықтардан құтылу үшін әрқашан, әр жерде, намаздардан кейін, жатарда мағынасын ойлап көп-көптен «Әстағфируллаһ мин кулли ма кәрихаллаһ» немесе қысқаша «Әстағфируллаһ» деп айтып жүру керек.